Т.Рысқұлов ауданы
Әкімі
Е.С. Есіркеповке
Т. Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының 2022 жылдың
6 айында атқарған жұмыстары туралы анықтама
р/с |
Көрсеткіштер |
2022 ж 9 ай |
2023 ж 9 ай |
1 |
Туушылық стат бойынша |
1047-16,9 |
1000-16,3 |
О.і. ауруханада |
617-10,0 |
515-8,4 |
|
2 |
Өлімшілік |
284-4,6 |
275-4,5 |
3 |
Оның ішінде 1жасқа дейінгі нәресте өлімі |
6-5,8 |
4-4,0 |
О.і. ауруханада |
1-1,6 |
0 |
|
5 |
Ана өлімі |
0 |
1-130,7 |
5 |
Халықтың өсуі |
12,3 |
11,8 |
6 |
Төсекпен қамтамасыз ету |
17,0 |
17,0 |
7 |
Дәрігермен қамтамасыз ету |
17,6 |
18,2 |
8 |
Орта буынды қызметкерлермен қамту |
72,9 |
72,9 |
9 |
Төсектің жұмысы |
243,5 |
261,8 |
10 |
Төсекте емделу |
7,4 |
7,5 |
11 |
Төсек айналымы |
32,6 |
34,6 |
12 |
Аурухана өлімшілігі |
0,7 |
0,5 |
13 |
Қабылдауда болған аурулар |
272564 |
313025 |
14 |
Бір тұрғынға шаққанда |
4,4 |
5,1 |
2023 жылдың 25 қаңтарында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының қатысуымен 2022 жылдың қорытындысы туралы кеңейтілген медициналық кеңес өткізілді, 2023 жылға міндеттер анықталды, іс – шаралар жоспары жасалынды. Ақпан айында болған ана өліміне байланысты кеңейтілген кеңес өткізілді, ана өлімін болдырмау оперативті іс- шаралар жоспары жасалынды. Толық талдау жүргізілді, 7 маманға әкімшілік шара қолданылды («Еңбек шарты тоқтатылды»-5, «Қатаң сөгіс»-3). Кемшіліктерді жою мақсатында барлық БМСК мамандарымен кеңейтілген семинар өткізілді. 2023 жылға НГЦАГиП орталығынан мамандарды шақыртып, ЖТД, дәрігер акушер- гинекологтар мен акушеркаларды оқыту жоспарланды.Оқу сәуір айында өткізілді, 38 маман оқытыылды.Және мамыр айында аймақтық дәрігерлерді оқыту жоспарланды. Барлық БМСК мамандарына уақытынан ерте босанған және оперативті жолмен босанған әйелдер тізіміне қайтадан толықтыру жасау, тексеру, тізімін жасау табысталып, аудандық акушер- гинеколог, аймақтық акушер- гинеколог дәрігерлермен қатерлі топтағы жүкті әйелдер чаты ашылды, бақылауға алынды. Барлық БМСК мамандарымен қайтадан ҚР ДСМ-нің №92 « ҚР-да акушер- гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығымен семинар өткізіліп, аттестациялау жоспарланды.
«Сақтандыру» ақпараттық жүйесінен берілген тізімдер емдеу мекемелеріне таратылып беріліп, талданды. Аудан әкімдігі 6 аппарат мәжілісінде барлық ауыл әкімдеріне медицина қызметкерлерімен бірлескен жұмыс атқарып, сақтандырылған азаматтар санын көбейту туралы нақты тапсырма берілді. Ауылдық округ мамандары және Бастапқы медициналық санитарлық ұйым қызметкерлерімен салыстырмалы РПН мен хозкнига тексеру жасап, үй аралау жұмыстарын жүргізіп, тізім бойынша азаматтармен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілу тапсырылды, нәтижесінде сақтандырылған тұрғындар саны -530. Тұрғындарды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тарту және медициналық көмектің көлемі туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында елді мекендерді аралауға ақпараттандыру тобы жасақталды, кестесі жасалды. Ақпан айынан бастап сақтандырылмаған халықты МӘМС жүйесіне тарту жөніндегі үгіт – насихат жұмыстары (Тереңөзек, Қайыңды, Көкдөнен , Жақсылық, Луговой, Ақбұлақ, Қызылшаруа ауылдарында ) жүргізілді 16 елді мекенде болып, 3921 адам қамтылды. 9 айда 22397 парақша таратылды, 16214 жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік парақшаларға 9 мәлімет салынды, 2 тікелей эфирде брифинг өткізілді, газетке 2 мақала берілді. Сонымен қатар Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімімен Жамбыл облысы әкімдігінің тапсырмасына сәйкес аудан бойынша МӘМС жүйесімен қамтылмаған 11134 адамдардың ішінде 8410 адамның мәртебесін анықтау жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде анықталғандар: үй шаруасындағы адамдар – 551, ресми тіркелген жұмыссыздар –57, жалдамалы жұмыскерлер-2832,өзін өзі жұмыспен қамтушылар– 2181, 3 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен отырғандар – 46, өлгендер – 21, Қ.Р. басқа елге кеткендер – 17, тіркелген мекен жайында тұрмайтындар-1497, жеке кәсіпкерлер-75,жеңілдетілген категориядағылар-48, сот үкімімен жазасын өтеп жатқандар-3,жұмысссыздар-913, әлеуметтік төлем алатындар-24,әскери қызметкерлер-10. Барлық мәлімет тізіммен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөліміне берілді. Сақтандырылмаған азаматтармен жұмыс тұрақты бақылауда.
Вакцинамен басқарылатын жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация жүргізу жұмыстары күнделікті бақылауда, емдеу ұйымдары бойынша мониторинг жүргізіледі. Вакцинадан кейінгі асқыну, қолаңсыз жағдайлар тіркелген жоқ.
Жылжымалы медициналық комплекстің елді мекендерге бару кестесі жасалынды, ақпан – наурыз айларында 16 елді мекенде болып, 6103 адам тексерілуден өткізілді, оның 1955-і бала, 1336 диагностикалық, 2198 лабораториялық тексеру өткізілді,6103 бейінді мамандар кеңесі берілді.
Амбулаторлық деңгейде диспансерлік есептетұратын пациенттерді тегін дәрі- дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында 197 млн 560666 теңгеге, барлығы 26823 рецепт жазылып, 24552 адам дәрі алды. Тегін дәрі- дәрмектер ЭФИС- ИСЛО бағдарламасына енгізілуде, дәрі- дәрмектер туралы ақпарат қалдығын, қозғалысын ашық түрде көріп отыруға болады.
2023 жылдың 6 айында жатқызу порталына 3746 адам тіркелді, оның ішінде 3698 (98,7 пайыз) пациентке ауруханаға жатқызуға жолдама берілді, оның ішінде аудандық орталық ауруханаға 49,8 пайызы, облыстық – Тараз қалалық ауруханаларға – 45,6 пайызы, Ғылыми орталықтарға - 3,9 пайыз, 0,6 пайызы басқа қалаларға кеткен.
Мүгедектігімен барлығы 638 ауру ВТЭК-ке жіберілді, оның 109-ы алғашқы рет анықталғандар. Квотамен Республикалық медицина орталықтарына емделуге 47 науқас жіберілді, оның ішінде 30-ы бала. Облыстық «Қамқорлық» оңалту орталығында 94, «Аяла» орталығында 46 мүгедек бала, облыстық, аудандық ауруханада 48 бала емделді. Республикалық клиникалық балалар санаториясында (Алатау- 1 мүгедек бала), Балбұлақ орталығында 7 мүгедек бала, Ұлттық реабилитациялық орталықтарда (НЦДР-1 мүгедек бала ) , Бурабайда 2 бала мүгедегі , барлығы 209 мүгедек бала оңалту емін алды. Аудандық емхана мамандарымен аудан көлемінде барлық мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасы балаларын тексеру үшін 2 «ашық есік» өткізілді, тексерумен 387 адам қамтылды.
2023 жылдың 9 айында ауруханаға 4707 ауру емделуге түскен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 745 ауруға көбейген, ал емделіп шыққан аурулар 4465, өткен мерзіммен салыстырғанда 257 ауруға көбейген. Бір төсектің жұмысы 261,8-ден 243,5 -ке кеміді, төсекте емделу мерзімі 7,5 , төсек айналымы - 34,6. 2023 жылдың 9 айында күндізгі емдеу төсектерінде 2390 (2022 ж-3128) ауру емделді. Аурухана өлімшілігі 0,5. Қабылдауда болған аурулар саны 313025 , бір тұрғынға шаққанда ауру қабылдау 5,1. Скринингті тексерулердің 2023 жылға жоспары жасалынып, мақсатты топ анықталды, жоспарға сәйкес тексерілуден өткізілуде, жоспарға сәйкес 18766 адам тексерілді, ол мақсатты топтың 86,2 пайызы, 742 адам ауруы анықталып, сауықтырылды. Ауыл тұрғындарын алдын ала тексеруімен 25043 адам тексеріліп, 275 адамнан ауру анықталып, сауықтырылды. Сонымен қатар 18 жасқа дейінгі 15863 бала тексеріліп, 1046 бала сауықтырылып, диспансерлік бақылауға алынды.
Аудан бойынша жүктілікпен 661 әйел есепте тұр, оның ішінде қатерлі топтағысы 369– 53,9 пайыз, оның ішінде 22 апта жүктіліктен жоғарғысы -206. Емдеу мекемелері бойынша тууға мүлдем болмайтын абсолютті қарама – қайшылығы бар 134 әйел бақылауда, олардың 100 пайызы контрацепцияланған, олардың ішінен 2 әйел жүктілікпен есепте тұр. 2023 ж 9 айында 987 жүкті әйел есепке алынды , оның ерте – 12 аптаға дейін есепке алынғандары 943 – 95,5 % . Босанған әйелдер - 997, уақытынан ерте босанғандары -27-5,09 пайыз. Босанған әйелдердің 98,8 % терапевте дәрігердің қарауында болған , оның ішінде 94,5% -12 аптаға дейін есепте тұрғандар. Жүктіліктің асқынуы 76 әйелде анықталған, оның 39,8 % қан азайған аурулары . Ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатында алдын - ала тексеру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Ана мен бала өлімін алдын алу мақсатында қатерлі топтағы жүкті әйелдер мен балалар мониторингі тұрақты бақылауда.
2023 жылдың 9 айында туберкулез ауруымен ауру тіркелген – 10, аурушаңдық көрсеткіші – 15,5 (обл – 19,0 ), 2022 жылдың 9 айында - 12 наукас анықталған, көрсеткіші – 18,4 (обл – 27,6). 2023 жылға флюротексеруден өткізуге мақсатты топ жоспары – 32016 , қамтылғаны – 81,0% , тексерілгені –25950, анықталған наүқас - 11: жана жағдай – 7 ,қайталап ауырған – 4 . Туберкулездің асқынған түрі тіркелген жоқ, адам өлімі -жоқ. 1-ші диспансерлік топта 27 адам, көрсеткіш – 41,4 ; 2-ші топта 37 ауру есепте тұр. Диспансерлік есептегі туберкулезбен ауыратын науқастарға аудандық бюджеттен амбулаторлық кезеңде ем қабылдаған 38 науқасқа барлығы 8 414232 теңге ( 43000 тенгеден) әлеуметтік көмек көрсетілді. БМСК мамандарымен туберкулездің, қатерлі ісіктердің алдын алу, скринингті тексеру туралы жоспарға сәйкес семинар сабақтар өткізілді.
Т.Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Денсаулық сақтау саласы 2023 жыл 9 айы
|
2022 жыл 9 ай |
2023 жыл 9 ай |
Өсім серпіні % |
Аурухана |
1 |
1 |
|
Емхана |
1 |
1 |
|
Дәрігерлік амбулатория |
14 |
14 |
|
Ауылдық емхана Луговая |
1 |
1 |
|
Фельшерлік акушерлік тірек |
5 |
5 |
|
Медициналық тірек |
13 |
13 |
|
Мүгедектік куәландырудан өткен Мүгедектер саны, барлығы Оның ішінде: алғашқы рет анықталғандар І топ ІІ топ ІІІ топ Бала мүгедек |
576
138 |
638
109 |
|
Квотамен емделгендер саны О.і. балалар |
38 21 |
47 30 |
|
Денсаулық сақтау саласы
№ |
Денсаулық сақтау көрсеткіштер |
2022 ж 9 ай |
2023 ж 9 ай |
1 |
Жалпы өлім 100 мың тұрғынға |
4,6 (284 адам) |
4,5 (275 адам) |
2 |
Туу көрсеткіші 1000 (тұрғындарға шаққанда) |
16,9 (1047 бала) |
16,3 (1000 бала) |
3 |
Сәбилер өлімі |
5,8 (6 сәби) |
4,0 (4 сәби) |
Бас дәрігер: Мырзалиев Ш.К.