ВИДЕОРОЛИКИ по ОСМС
|
МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін алудың үш тәсілі
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқық алу үшін 12 ай ішінде үздіксіз төлемдердің болуы қажет. Бүгінгі таңда МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін алудың 3 жолы бар. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Гайни Аймағанбетова толығырақ айтып берді.
Бірінші тәсілі - алдыңғы айларға төлем. Егер Cіз бұрын ресми түрде жұмыс істемеген болсаңыз, онда жұмысқа орналасу алдында МӘМС-ке өткен айлар үшін төлем жасаған жөн. Бір мысал келтірейін. Егер қызметкер жұмысты ағымдағы жылдың қазан айында бастаса, онда төлемдер 2023 жылдың қыркүйегінен бастап 2024 жылдың тамыз айын қоса алғанда дербес төлеуші ретінде төлеу қажет.
Егерде Сізде бірнеше төленбеген ай болса, Сізге олар үшін әлдеқайда аз мөлшерде төлем жасап, мәртебені алу тиімді болады. Бірақ осыдан кейін мәртебеңізді жоғалтпау үшін ай сайын жарналарды төлеуді ұмытпаңыз.
2023 жылы МӘМС-ке дербес төлеуші ретінде ай сайынғы жарналар сомасы 3500 теңгені және 2024 жылы - 4250 теңгені құрайды.
Екіншісі - 12 айға алдын-ала төлеу. Бұл әдісті «сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтар да, сондай – ақ жүйеге ешқашан төлем жасамаған барлық дербес төлеушілер пайдалана алады.
Алдағы 1 жылға төлем жасағыңыз келсе, ағымдағы айдан бастап барлығы 12 айға жеке жеке әр айды, жылын көрсетіп төлеу керек. Егер ағымдағы айдың аяқталуына шамалы күндер қалса немесе осы айда медициналық көмекке жүгінуді жоспарламасаңыз, төлемді келесі айдан бастап жасаған жөн. Сонда Сіз бір жыл бойы сақтандырылған боласыз.
Жүйе төлемдерді дұрыс есептеу үшін жарналар әр ай үшін бөлек төленеді. Төлем жасау кезінде ЖСН, төлем енгізілетін ай мен жылды дұрыс көрсету маңызды.
Жарналарды 3 жұмыс күн ішінде төлегеннен кейін жүйеге төлемдердің түсуін және мәртебенің берілуін тексеру қажет.
Мәртебені алудың үшінші жолы – азаматтардың жеңілдетілген санаты арқылы.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесі енгізіле отырып, мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін ай сайын жарналар төлейді.
Егер Сіз, мысалы, ресми жұмыссыз, мүгедек, студент болсаңыз немесе басқа жеңілдікті санатқа жатсаңыз, МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз «сақтандырылған» болуы керек. Тізіммен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының msqory.kz. ресми сайтында танысуға болады.
Егер де Cіз азаматтардың жеңілдетілген санаттарының қатарына кірсеңіз, бірақ мәртебеңіз «сақтандырылмаған» болса, «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасы арқылы уақытша мәртебені (1айға) ала аласыз. Қосымша арқылы Қорға растайтын құжаттың фотосуретін жіберіңіз. Сізге бір айға «сақтандырылған» мәртебесі берілгеннен кейін тиісті хабарлама жіберіледі. Бір ай ішінде сақтандырылған азаматтарға МӘМС пакетінің қызметтері қолжетімді болады. Сондай-ақ, бұл мерзім науқасқа өзінің жеңілдік мәртебесін қалпына келтіру үшін беріледі.
«Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры» КЕАҚ
Жамбыл облысы бойынша
филиалы
Три способа получить статус «застрахован» в системе ОСМС
Согласно Закона «Об ОСМС», для приобретения права на медицинскую помощь в системе ОСМС необходимы непрерывные платежи за 12 месяцев. На сегодняшний день действуют 3 способа получения статуса застрахованности в системе ОСМС. Более подробно об этом рассказала директор филиала Фонда социального медстрахования по Жамбылской области Гайни Аймаганбетова.
Первый способ - платежи за предыдущие месяцы. К примеру, если Вы ранее официально не работали, то перед трудоустройством необходимо внести платежи в ОСМС за предыдущие месяцы. Так, если работник приступает к работе в октябре, то необходимо внести платежи в качестве самостоятельного плательщика с октября 2023 года по сентябрь 2024 года включительно.
Также если у Вас есть несколько неуплаченных месяцев, возможно, Вам будет выгоднее оплатить их и получить статус, обойдясь гораздо меньшей суммой. Но после уплаты не забывайте платить взносы ежемесячно, чтобы не потерять полученный статус.
В 2023 году сумма ежемесячных взносов в ОСМС в качестве самостоятельного плательщика составляла 3 500 тенге. В 2024 году – 4 250 тенге.
Второй - платежи на 12 месяцев вперед. Данным способом могут воспользоваться самостоятельные плательщики – как имеющие статус «застрахован», так и те, кто никогда не вносил платеж в систему, либо делал это нерегулярно.
Необходимо делать оплату за 12 будущих месяцев, начиная с текущего. Но если до окончания текущего месяца осталось несколько дней или в этом месяце обращение за медицинской помощью не планируется, то лучше производить оплату уже с предстоящего месяца. Весь год у вас будет статус застрахованного. Взносы оплачиваются отдельно за каждый месяц, чтобы система могла их корректно считать. Оплатить одним платежом весь год вы не сможете. При уплате важно указать корректный ИИН, месяц и год, за который вносится платеж.
Обработка, перевод отчислений и взносов проводится в течение трех рабочих дней.
Третий способ получения статуса – для льготных категорий граждан.
С внедрением с 1 января 2020 года системы обязательного социального медицинского страхования государство производит ежемесячные взносы за 15 льготных категорий граждан. Если вы, к примеру, вы являетесь официальным безработным, инвалидом, студентом или относитесь к другой льготной категории, то статус в системе ОСМС должен быть «застрахован».
Со списком льготных категорий граждан можно ознакомиться на официальном сайте Фонда социального медицинского страхования msqory.kz.
Если же Вы в числе социально незащищенных граждан и Ваш статус «не застрахован», можно получить временный статус (на месяц) самостоятельно, посредством мобильного приложения Qoldau - 24/7.
Через приложение направляете в Фонд фотографию подтверждающего документа. Вам присваивается статус «застрахован» на один месяц и приходит соответствующее уведомление.
В течение одного месяца пациенту доступны услуги пакета ОСМС, для застрахованных граждан. Также данный период предоставляется, чтобы пациент восстановил свой льготный статус.
Филиал
по Жамбылской области
НАО «Фонд социального
медицинского страхования»